06 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Алматыдағы Демократиялық партия бастамашыл тобы жақтастарының митингінде бірнеше белсенді ұсталып, тағы бірнешесі жараланды. Бұл туралы белсенді, журналист Инга Иманбай өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Журналистің айтуынша, Ырысбек Тоқтасын, Дәурен Достияров, Уәлихан есімді үш белсендіні полиция ұстап алып кеткен. Белсенділер Абзал Достияров, Теміртас Нағимутуллаев соққыға жығылған. Оларға жедел жәрдем көмегі қажет.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында Демократиялық партия бастамашыл тобы және олардың жақтастары 6 сағаттан бері полиция қоршауында тұр. Белсенділер "қымбатшылық пен Қытай экспанциясына қарсылық", Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кетсін деген ұранмен митинге шығып, полиция қоршауында қалған.
Аумақта жаяу жүргіншілер жолы шектелген. Интернет байланысы мүлде істемейді.
Белсенділер Қазақстанда Қытай экспанциясы агрессивті түрде жүріп жатқанын, Қазақстан аумағындағы Қытай инвесторлары өндіріс орындарында жергілікті халық құқығын таптап жатқанын айтты. Қытайлық компаниялардағы жергілікті жұмысшылардың жалақысы қытай мамандардан едәуір аз екенін, сондай-ақ жергілікті жұмысшылар тек қарапайым жұмысқа алынатынына наразылық танытты. Олардың сөзінше, Алматы – Өскемен автожолы құрылысында тер төгіп жүрген жергілікті жұмысшылар жалақысының азаюы сондай жағдайлардың бірі ғана.
Сондай-ақ белсенділер қымбатшылық халықты титықтатып жібергенін айтып, бағаның ырық бермей отырғанына билікті кінәлады. Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетін 6 шілде – Астана күнін "мереке деп санамаймыз", "6 шілде қасіретті күн", "Қазақстан монархияға айналып бара жатыр" деп мәлімдеді.
Наразы топ бірнеше мәрте қоршаудан шығуға әрекет жасағанымен, арнайы жасақтан өте алмады. Сондай әрекеттердің бірнешеуінде белсенділер мен арнайы жасақ қақтығысқа түсіп, белсенді Даная Калиева қолын, Ырысбек Тоқтасын аяғын жаралап алды.
Алаңда беттерін тұмшалап, видеоға түсіріп жүрген азаматтық киімдегі адамдар көп болды. Белсенділер оларды "арандатушылар", "қарабеттер" деп өздерінің маңына жоламауды талап етті. Алайда ол адамдар әрекеттерін жалғастыруын тоқтатпады. Сондай сәттердің бірінде белсенділер эмоцияға еріп беріп қолындағы бөтелкелерін, плакаттарын белгісіз адамдарға қарай сермеп, қақтығыса жаздады.
Наразы азаматтар "алаңға қирату, бүлдіру үшін емес, өз пікірін білдіру үшін шықтық" дейді. Арасында бұған дейін митингке шығуға оқталғанымен, ұялып жүргенін, осы жолы тәуекелге бас тігіп алаңға келгенін айтқан, "митинг шыққанына бола жұа талплер жталплер-дегустация, белааанына бола жұмы шаріс, белааұ Олар "диктаторлық режим мәңгі тұрмайтынын" атап өтіп, азаматтарды ойын білдіру үшін алаңға келуден қорықпауға, қатарларына қосылуға үндеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір