• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 08:00:35
Алматы
+35°

Қазақстанның белгілі айтыскер ақыны Əселхан Қалыбекова қайтыс болды. Бұл туралы ақын Біржан Айтуов facebook парақшасында хабарлады.

"Алаштың аяулы ақыны Əселхан Қалыбекова апамыз бұл жалғанмен қоштасты. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Жаназа уақытын қосымша хабарлаймыз" деп жазды Біржан Айтуов.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген.

Жазушылар одағы Жамбыл атындағы сыйлығының тұңғыш иегері (1989) болған.

Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының қаулысымен Қазақ КСР – ның Халық ақыны құрметті атағы берілген (1990 ж. 6 сәуір).

Әселхан Қалыбекованың “Отырар аспаны” (1994), “Басыңды тікпей бақ қайда?!” (1990-2000), “Алладан пәрмен сұраған” (2000), “Сырттан кеткен тамырлар” (2004), “Жыр-Шапағат” (2008), “ Әселхан Әлемі” (2008) атты кітаптары жарық көрген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір