01 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebookпарақшасында хабарлады.
"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "БҰҰ – әйелдер" құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды" делінген жазбада.
Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.
Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір