• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:55:54
+12°

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Дельта" (үнді) штаммының анықталуына байланысты ауру саны күрт өскенін хабарлады.

– COVID-19 індетін жұқтырған адамдардың саны мамыр айында 10 мыңнан асқан болса, маусым айының басында біршама тұрақталып, 2 мың жағдайға дейін азайған. Алайда маусым айының ортасынан бастап вирустың "Дельта" штаммының анықталуына байланысты аурудың күрт өсуі байқалды. Соңғы аптада 3500-ге жуық жағдай анықталды. Орта есеппен күніне 500-ге жуық жағдай тіркелді, – деді әкім.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін вакцинациялау шаралары күшейтілген. Бірінші және екінші компоненттері бойынша барлығы 365 мыңнан астам адам екпе салдырған.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде вакцина алуға ниет білдіргендердің саны 5 есеге артты. Егер мамыр айының ортасында күніне 1000-1500 адам вакцина салдырса, маусым айының қазіргі күндері 7 мыңнан астам адам вакцина салдыруда. Стационларларда дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жеткілікті қоры қалыптастырылған, – деп атап өтті Алтай Көлгінов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір