• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:27:18
Алматы
+12°

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев күн сайын бір жарым сағатын мемлекеттік тілді үйренуге жұмсайтынын айтты. 

– Қазақ тілін үйрену үшін күнделікті бір жарым сағат репетитормен айналысамын. Жақын арада қазақша таза сөйлеймін деп уәде беремін. Ұлттық экономика министрлігінде тиісті бөлімшенің қызметкері бар, ол маған қазақ тілін үйретеді. Бізде кез келген министрлікте сияқты мемлекеттік органда құжат аударумен айналысатын аудармашылар бар. Олардың арасында қазақ тілін жақсы білетін мамандар бар. Біз бірге отырамыз және әр есепке дайындаламыз. Олардың бірнеше жылдар бойы жинақталған өзіндік әдістемелік базасы бар. Сол арқылы мен қазақ тілін үйренемін, – деді Ә. Ерғалиев.

Бұған дейін ақпанда үкіметтегі ең жас министр Әсет Ерғалиев депутат Берік Дүйсенбинов мемлекеттік тілде қойған сұрағына мемлекеттік тілде жауап бере алмай, сынға ұшыраған болатын. Министр сол кезде жуық аралықта қазақша үйренуге уәде берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір