22 Маусым, 2021 Ақтөбе облысы
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Ақтөбе облысының биылғы бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, халықтың жұмыспен қамтылуы және олардың табыстарын сақтау біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Бүгінгі күні облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды, бес айда 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылса, оның жартысы тұрақты. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де орташа республикалық деңгейден төмен - 2,5%. Жалпы, биылғы жылы 53 мың жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету жоспарланып отыр», - деді О.Оразалин.
Есепті кезеңде облыста орташа айлық еңбекақы 196 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,5% -ға артық.
«Бұған, соның ішінде, жыл басынан бері қырықтан астам ірі және орта кәсіпорындардың 30 мыңнан аса жұмысшының еңбекақысын орташа 15% -ға өсіруінің арқасында қол жетті», - деді облыс әкімі. .
Сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру аясында жыл басынан бері 24 мыңға жуық азамат 710 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5,7 мың балаға жалпы сомасы 161 млн. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. Жергілікті деңгейде қосымша қолдау көрсету мақсатында 13 мыңға жуық азаматқа түрлі жеңілдіктер, қосымша төлемдер мен 702 млн.теңге көлемінде өтемақылар берілді.
Сонымен қатар, биыл 14,5 мың мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдауға 3,1 млрд. теңге бөлінді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір