• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:40:18
Алматы
+12°

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласында "үнді" штаммының анықталуына байланысты карантин шаралары күшейтілетінін ескертті.

– Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавируспен ауру деңгейі 1,7 есеге төмендеді. Коронавирус инфекциясының жаңа штаммдары жедел таралуда. Нұр-Сұлтанда жүргізілген скринингтің алдын ала нәтижесі вирустың мутациясын анықтады, ол "дельта" штамына тән екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты өңір әкімдерінен эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуді сұраймыз. Босаңсуға ешқандай негіз жоқ, – деді ол.

Оның айтуынша, бүгін коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде ең алдымен Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады.

– Барлық әкімдер адамдар көптеп жиналатын орындарда, әсіресе демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына баса назар аударуға тиіс.

Өңірлерде мониторинг топтардың жұмысын күшейту қажет, қоғамдық орындарда адамдарды ‎Ashyq қосымшасымен тексеру талабын күшейту керек.

Төртіншіден, халықты вакциналау қарқынын ұлғайту қажет. Бұл күнделікті аудан, қала, ауыл әкімдерінің жеке бақылауында болуы тиіс. Вакцина алып үлгермеген азаматтарды тез арада вакцина алуға шақыру керек, – деді Тоғжанов.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір