• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:47:14
Алматы
+12°
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Қазақстанда қымбатшылық өршуіне байланысты президент Қ. Тоқаевқа үндеу жолдады. 
 
– Ауыл шаруашылығына арналған аумағы өте үлкен ел Қазақстанда сәбіздің құны 735 теңгеге жетіп, 1,5 доллар құрап отыр. Және бұл – мемлекеттік субсидиялар жылдар бойы құйылып жатырған саладағы жағдай. Жайылым жоқтығынан мал аштан өліп, көтерем болып, қоқыс, картон жеп жатыр. Және бұның бәрі мың жылдар бойы мал баққан көне көшпенділер елінде орын алып отыр. 
 
Бұл соңғы жылдардағы экономикалық саясаттың қаншалықты сорақы екенінен шынайы да тура хабар беретін көрсеткіш. Бабаларымыздан мұра болып қалған, келешек ұрпаққа тиесілі ұлттық қорымыз сарқылуға жақын тұр. Өткен жылы сол жылы түскеннің 96 пайызы жұмсалып кетті.
 
Енді үкімет азық-түлік бағасын әкімшілік жолмен реттегісі келеді. Онда Мемлекеттік жоспар жүйесін енгізіп, барша экономиканы мемлекет меншігіне өткізіңіздер! Бұл – адамның күлкісін келтіретін: "пойыз, тоқта, бір-екі!" деген анекдот қой. Нарықтық экономикада бағаны – бұйрық, жарлықтармен емес, ұсынысты көбейту арқылы түсіретінін естімеп пе едіңіз?,  – деді қоғам белсендісі.
 
Белсенді экономикалық дағдарысты еңсеру үшін үкіметке баруға әзір екенін тағы жеткізді. Ол бұған дейін де дағдарысты жеңу үшін билікке барғысы келетінін мәлім еткен.
 
– Экономикамыздың барша саласын тұралатып, жоғарыда баяндалған күйсіз нәтижеге жеткізген кландар мен олигархтық топтармен байланыс-шатысы жоқ адамдар Үкіметке кіруі тиіс екеніне бек сенемін. Өз басым халық алдында жауапкершілік арқалап, елімізді экономикалық дағдарыстан шығаруға әзірмін, – деп жазады Мұхтар Тайжан facebook парақшасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір