• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:40:01
Алматы
+12°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте коронавирус жұқтырудың негізгі орындарын айтып, тұрғындарды вакцина салдыруға шақырды. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Ол соңғы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша азаматтардың 90%-ы коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болғанын айтты.
 
– Бұрынғыдай қоғамдық орындарда жұқтыру қаупі әлі де жоғары – 49% құрап тұр, отбасыларда – 22%, ал қоғамдық көлікте – 18%. 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтардың 33%-ы, 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтардың 28%-ы, 60 жастан асқандардың 25%-ы жиі ауырады. Осы жас санатындағы азаматтар барлық науқастардың 86%-ын құрайды, – деді ол.
 
Ж. Бекшин қала тұрғындарынан жабық бөлмелер мен адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде тағуды, сондай-ақ сапарға жиі шығудан, адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға барудан аулақ болуды ескертті. Аурудың алдын алудың маңызды шарасы гигиена, әсіресе қолды таза ұстау екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір