11 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді.
– Бұл жерде тергеудің егжей-тегжейін айта алмаймын. Біріншіден, іс Алматы қаласының арнайы прокурорлары өндірісінде жатыр. Біз күдіктінің ұсталғанын және осы қылмысты жасағаны әшкереленгенін жарияладық. Сонымен қатар, тергеуде айыпталушының психикалық жай-күйіне күмән туындаған кезде, сот-психиатриялық сараптамасы әрдайым жүргізілетіні туралы алғашқы ақпаратты бердік. Оның нәтижесін Алматы қаласының прокуратура органдарынан біле аласыз, – деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.
19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кеткені хабарланып, 22 наурызда кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болған. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу бастап, Түркістан облысының 1993 жылғы тұрғынын қамауға алған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір