11 Маусым, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда 2021 жылы 84 бала өз-өзіне қол жұмсады. Өзіне қол салмақ болған тағы 164 бала құтқарылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Министрдің сөзінше, балаларды суицид жасауға туыстармен болған жанжал, жалғыздық сезімі, достармен қарым-қатынастың үзілуі, материалдық жағдай, оқу орнындағы келеңсіздіктер сияқты себептер итермелейді.
Атап айтқанда:
- жалғыздық сезімі – 12%;
- достармен қарым-қатынастың үзілуі – 10%;
- оқу орнындағы келеңсіздік, қолайсыз материалдық жағдай – 3%.
Тұрғымбаев жаз басталғалы балалармен болған жазатайым оқиғалардың саны артқанын айтты. 30 бала терезеден құлап кетіп, оның 6-ы қайтыс болған, 24-і түрлі жарақат алған. Кәмелетке толмағандар арасында жол апатынан 43 бала қайтыс болған. Оған себеп балалар қауіпсіздік белдіктерін бекітпейді немесе балалар ұстайтын құрылғыларсыз тасымалданады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір