• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 00:17:43
Алматы
+7°

Мас күйінде көлік тізгіндеп алғаш рет ұсталған азамат бірден 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады, деп хабарлады  sputnik.kz сайты. 

– Әкімшілік жазаның жаңа түрі енгізіледі. Ол – арест. Оны міндетті түрде қолданады. Жүргізуші мас күйінде алғаш рет ұсталса да, 15 тәулікке қамалады. Жол апаты кезінде адамдардың денсаулығына зиян келмесе, бірақ матералдық шығын болған жағдайда әкімшілік аресттің мерзімі 20 тәулікке ұзартылады. Көлікті мас күйде жүргізсе 7 жылға куәлігінен айырылады, – деді ішікі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов брифинг барысында.

Министрліктің сөзінше жүргізуші куәлігінен айырылған адам бір жылдың ішінде рөлге қайта  отырса 20 тәулікке қамалып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

– Ал мас күйде көлікті қайта тізгіндегендер 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеліп, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылуы мүмкін. Жол апатына түссе 8 жылға, оқиға салдарынан кісі өлімі тіркелсе 10 жылға дейін бас бостандығынан шектеледі.

Сонымен қоса медициналық тексерістен бас тартқан азамат 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұрын бұл мерзім 3 жыл болған. Сосын 15 тәулікке қамалуы мүмкін, – деді министр.    

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір