• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:40:06
Алматы
+12°

60 млн теңге пара алмақ болды деп айыпталып, 2019 жылғы наурыздан бері қамауда болған ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылады. Бұл туралы мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса facebook парақшасында мәлім етті.

"Қазір ғана Ислам Әбіштің адвокаты Мәкіш Есқараев хабарласып, сүйінші сұрады. Триллион үнемдеп жүріп, түрмеге түскен, жазықсыз жаланың құрбаны болған Ислам Әбіш бүгін соттың үшінші отырысында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды! Ел үшін еңбек еткен Ердің бостандыққа шығуы оны қорғап, араша сұраған, "Қазақ үні" ұлттық порталында президентке жазылған Ашық хатқа қол қойған 200 мыңдай адамның, халықтың қуанышы! Халық үніне құлақ асатын, еститін үкімет дегеннің басы шығар бұл!" деп жазды Қазыбек Иса.

Ислам Әбішев 2012-2013 жылдары және 2014 жылдан 2019 жылдың наурызына дейін ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ислам Әбішев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір