• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:08:47
Алматы
+7°

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар қарауына жер қатынастарын дамыту мәселелеріне қатысты заң жобасы  I оқылымда қарау ұсынылды.   

Құжатта жалға беруді сақтау және ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге Жер кодексі нормаларының қолданылуын 5 жылға тоқтату тұру көзделген.

Алдағы жалпы отырыста Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне қатысты заң жобалары I оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында II оқылымда рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту бойынша заң жобасы бар.

 Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір