• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:54:53
Алматы
+12°

Мұғалімдерден министрліктің бұйрығында жоқ есептер сұралмауы керек. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте мәлімдеді.

– Директорларға, орынбасарларына, білім бөлімдері мен білім басқармаларына айтамын: министрліктің бұйрығында жоқ есептерді талап ету фактілері расталатын болса, онда өте қатаң шаралар қолданамыз. Оны сіздер оқымайсыздар да, оны оқуға ешкімнің уақыты да жоқ. Оның әкетіп бара жатқан ешқандай тиімділігі де жоқ. Бостан-босқа, әйтеуір, есеп жинау. Әрине, бұрынғымен салыстырғанда, арасы жер мен көктей. Бірақ кейбір мектептерде әлі күнге дейін кейде кездесіп, осындай фактілер тіркеліп отырады. Сондықтан осы мәселені айтып отырмын, – деді Аймағамбетов.

Министр мұғалім өз сабағын сапалы өткізуі керек екенін және осыны нақты талап ету керек екенін атап айтты. Мұғалімдер міндетіне кірмейтін артық жұмыстарды істемеу керегін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір