• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:23:24
Алматы
+35°
 

Қазақстандықтардың орташа айлығы 2026 жылы 300 мың теңгеден асады. Мұндай болжамды ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп жазады LS сайты.

Министрлік жоспарына сәйкес, егер 2021 жылы орташа айлық жалақы 225,5 мың теңгені құраса, 2026 жылға қарай ол 313 мың тенге дейін өседі. Оның ішінде 2022 жылы – 240,5, 2023 жылы – 258,7, 2024 жылы – 276,5, 2025 жылы – 293,4 мың теңгеңі құрамақ.

Сондай-ақ жұмыс күшінің саны 2021 жылғы 9,3 млн адамнан 2026 жылы 9,8 млн адамға дейін артады (барлығы 19,9 млн адам болады). Оның ішінде бес жылдан кейін 9,3 млн адам жұмыспен қамтылады (2021 жылы 8,8 млн адам). Жұмыссыздар саны 455,7 мың адамнан 459,7 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,7%-ға дейін төмендейді. Келесі жылы қызметкерлерге деген қажеттілік 160 мыңнан 220 мыңға дейін артады деп күтілуде.

 

Техникалық мамандығы бар жаңа мамандардың саны 146,7 мың адамға дейін артады (2021 жылы 144,5). 2026 жылы 157,8 мың адам (152,6 мың адам) жоғары білім алады.

Ең төменгі базалық зейнетақы биылғы 18,5 мың теңгеден 2026 жылы 22,7 мың теңгеге дейін ұлғаюға тиіс. Ең төменгі зейнетақы 43,3 мың теңгеден 58,4 мың теңгеге дейін өседі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2026 жылы 42,1 мың теңге (2021 жылы 34,3 мың теңге) деңгейінде болады деп күтілуде. Табысы осы деңгейден төмен халықтың үлесі қазіргі уақытта 5,4%-дан 5,2%-ға дейін азаяды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір