• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:26:01
Алматы
+12°

Фото: Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы

Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты биылғы оқу жылының басым бөлігі қашықтан оқытылды. Дегенмен де ақпараттық технологияларды қолдана отырып қашықтан оқыту оқушылар мен ұстаздардың білімі мен білігін жаңаша дамытуға, әдеті мен дағдысына тиімді қарауға мүмкіндік берді.

Қашықтан оқытуға қарамастан биыл оқушылардың жетістіктері де аз емес.

Түлектердің 227-сы "Алтын белгіге", 359-ы "Үздік аттестатқа" үміткер. Соңғы үш жылмен салыстырғанда "Алтын белгі" иегерлері шамамен 30%-ға, үздік аттестатпен бітіргендер 40%-ға артты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Маңғыстау облысының дарынды оқушылары 29 медальға ие болды.

Олимпиада нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы командалық ІІІ орынды, Ақтау қаласының "Білім-инновация" лицейі ІІ орынды, Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектебі "Үздік олимпиадалық ауыл мектебі" болып танылды.

Елімізде әрбір педагог ерекше мәртебеге ие. Мемлекет тарапынан әрбір педагогтың үздіксіз дамуына барлық жағдай жасалып келеді. Осыған байланысты биыл алғаш рет "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі тағайындалды.

Педагогтардың шеберлігі нәтижесінде Ақтау қаласы №14 мектебінің химия пәні мұғалімі Түлембетова Айсұлу Бағытқызы елімізде алғаш рет тағайындалған "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағын, облыстың бес мұғалімі республикалық "Үздік педагог" атағын иеленді.

Облыс әкімі Серікбай Трұмов оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы білім сынағынан жақсы көрсеткішке қол жеткізулерін тіледі.

"Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа ережесінде түлектерге ерекше жағдайлар жасалды. Биыл бітіретін 7011 түлектің барлығы дерлік ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатыр. Мектеп түлектеріне сынақтан сүрінбей өтіп, мемлекеттік грант алып, қалаған мамандықтарының иесі атануларына тілектеспін! Құрметті түлектер! Туған өлкенің өсіп-өркендеуіне үлес қосар білімді, білікті, озат, шын мәніндегі нағыз алтын түлек болуларыңызға тілекшімін.Тәуелсіз Қазақстанның туын биік ұстар азамат болыңыздар! делінген әкім құттықтауында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір