• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 15:39:04
Алматы
+35°

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18 мамырда 86 жасында қайтыс болған көрнекті ғалым, ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Қошановтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

"Аманжол Қошанұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық экономика теориясы саласын дамытуға қомақты үлес қосқан тұғырлы тұлға болатын. Ол еліміздің экономикалық мүдделері жүйесін жасау, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты көптеген маңызды мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік ғылыми бағдарламалар жасауға атсалысты. Экономикалық теория бойынша өзіндік мектебін қалыптастырды" делінген жеделхатта.

Елбасы Аманжол Қошановтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Аманжол Қошанұлы Қошанов 1934 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Алтын медальмен бітірген ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінің студенті болып қабылданған.

1959 жылдан бастап ұлттық ғылым академиясының экономика институтында қызмет істеген ол елдің экономикалық ғылымы мен халық шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан ірі экономист-ғалым болған.

Академик 600-ден аса ғылыми еңбектің, соның ішінде, 53 монографияның авторы болған. Оның ғылыми жетекшілігімен 16 экономика ғылымдарының докторы, 60-тан аса ғылым кандидаттары даярланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір