• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:15:27
Алматы
+12°
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина салдырғаннан кейінгі өлім жағдайларына байланысты пікір білдірді.
 
– Барлық жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Қайтыс болған алғашқы адам Алматы облысындағы біздің әріптесіміз, қалалық перзентханада жұмыс істеген. Комиссия жұмысты аяқтады. Марқұмда жүректің созылмалы ауруы болғаны анықталды. Диспансерде тіркелген екен. Дәрігерге қаралмаған және ауыр препараттар қабылдамаған. Комиссияның қорытынды нәтижесіндегі медициналық сараптама бойынша вирус немесе органдық вирус табылмады. Өлімге жүректің созылмалы патологиясы себеп болған. Оған вакцинаның қатысы жоқ, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Ажар Ғинаяттың сөзінше, қайтыс болған екінші, алматылық азамат дәрігердің жеке қаралуында болмаған, диспансерде де тіркелмеген. Ол науқаста артериялық қысым мен жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама аяқталмаған.

– Үшінші жағдай (вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болған жағдай - ред.) Ақтөбе облысында тіркелді. Комиссияның нәтижесі бойынша науқаста созылмалы ауру болған. Ол ешемиялық инсультке алып келуі мүмкін. Оның вакцинацияға қатысы жоқ.

Төртінші жағдай екінші компоненттің 12-ші күнінде тіркелген. Ол бойынша әлі комиссия жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті ол.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір