• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 19:55:27
Алматы
+35°

Татарстан автономиялық республикасының астанасы Қазанда мектепке шабуыл жасап, оқ атқан Ильназ Галявиев есімді 19 жастағы азамат 20 шақты адамды өлтіргісі келгенін айтты.  Бұл туралы Life-shot Telegram арнасы хабарлады.

Күдіктіден жауап алу барысында ол оқ атқандардың бәрін жарақаттап қана қоймай, өлтіргісі келгенін мойындаған. 

– Мен біреуді жарақаттап немесе қорқытуды көздеген жоқпын. Тек оқ атқан кезде дұрыс дәлдей алмадым. Оқ атқандардың бәрі өлді деп ойладым. Бастапқыда мектептен 20-ға жуық адамды өлтіргім келді, – деді Галявиев. 

Ол оқ дәрілері таусылған сәтте құқық қорғау органдарына берілуді ұйғарғанын жеткізді. 

– Қарудың оқтары таусылған соң, мен бірінші қабатқа түстім. Содан кіреберісте тұрған қарулы адамды көрдім. Бұл құқық қорғау органы қызметкері екенін түсіндім. Көшеден полиция көлігін көргеннен кейін, берілуді ұйғардым. Өйткені мені бәрібір ұстайтынын түсіндім. Мен екінші қабаттағы әжетханаға патрондар бар рюкзакты қалдырғанмын. Алайда ол жерге қайта бара алмадым. 

Полиция қызметкері мені көрмеуі үшін сәл алыстап тұрдым. Кейін өзім беріліп, алдыңғы кіреберістегі есіктен екі қолымды жоғары көтеріп шықтым. Кейін мені полиция қызметкерлері ұстап әкетті, – деп пікір білдірді күдікті.

Ильназ Галявиев дәл сол сәтте өзіне қол жұмсамақ болғанын да айтты. 

– Мені полиция көлігіне отырғызғанда өзіме қол жұмсамақ болдым. Сол қолымдағы артерия қан тамырын тістедім. Кейін барлық терімді тістедім, май мен бұлшықетке жеттім, бірақ артерия тамырын таба алмадым. Содан менің сол қолымда қан іздері қалды, – деді ол. 

Уақытша қамауда отырған күдікті әлі де өзінің әрекетін дұрыс деп санайды. 

– Мен жасаған ісіме өкінбеймін, кінәмді толық мойындаймын. Алайда адамдарды өлтіру арқылы мен дұрыс әрекет жасадым деп есептеймін. Осылайша, мен бәріне шынымен құдай екенімді дәлелдеп, басқалар мен қалаған нәрсені жасауы керек екенін көрсеттім, – деді күдікті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір