• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:17:52
Алматы
+12°

Ақын Бақыт Беделхан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жер дауына байланысты пікір білдірді.

– Біз саудаға жоқпыз, бірақ саудада сарттан озып кеткен халықпыз. Байлық үшін туған жерін, елін, досын, туған бауырын да сатып кеткендер бар. Бұл сатқындық біздің 30 жылдағы жеткен "жетістігіміз". Бұрын ала дорба арқылы билікке, білімге жететін. Қазір біліммен билікке, бақытқа жетуге болатынын сезінетін ұрпақ өсіп келеді, – деді Б.Беделхан.

Сонымен қатар ақын оппозиционер Мұхтар Әблязов туралы ойын айтты.

– Мен оны (ред. М. Әблязов) батыр деп есептемеймін. Ақшасы көп адам қай жерде тұрып айғай салса да дауысы дүниені дүркіретеді. Мұхтар Әблязовтың орнына ақшасы жоқ адам айғайласыншы оны халық ести ме?! Айғайлаудың да мағынасы болады, айдалаға айғайлау бар, дөйдалаға айғайлау бар. Айдаланың адресі бар, жоқ дегенде "айдала" деп айтасың, ал дөйдаланың адресі бар ма?! Жеке бастың 5-10 теңгесі үшін билікті белден баса алам немесе беліне салмақ салам деген сайтани ойлар ғана. Ұлтты ойлайтын адам олай айтпайды. Шетте жүріп қазақтың қамын ойлағандай болып жүрген адамдар қазақтың әдебиетін, мәдениетін, тарихын, руханиятын құрметтеп, қошеметтеп құрандай қадірлей ала ма?!, – деп сауал тастады ақын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір