13 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: Qamshy.kz
90-шы жылдары Қазақстан енді тәуелсіздік алып, еңсесін тіктей алмай тұрған уақытта ел байлығын "бандиттер" сақтап қалды. Бұл туралы ақын Бақыт Беделхан "Nartay Aralbayuli" youtube каналыны берген сұхбатта айтты.
– Қазақстанның байлығын кімдер сақтап қалды? Братва, бандиттер сақтап қалды. Рыжий Алмаз, Баха фестиваль... Олардың кемшілігі қасына ақын, журналист және жазушыларды ертпегені. Заң күшіне еніп, мемлекет жүйесін қалыптастырған уақытта батырларды қасқырдай қырып салды. Шетелге дейін қуып барып өлтірді. Егер де соның қасында ақын болғанда, соның қасында журналист болғанда, азаматтарымызды рухани жағынан насихаттап, дұрыс бағыт-бағдар бергенде, оларды үкімет өлтіре алмас еді. Елдің бүкіл байлығын, бақуатын, бас-аяғын бүтіндеп берген батырларды, билікке кедергі болғаны үшін қырды. Ақындар олардың өмірі туралы, азаматтығы туралы, бағыт-бағдары, адалдығы, тазалығы туралы жазып ақтап алар адвокаты болатын еді. Біздің далалық дәстүрімізде батыр мен ақынның арасы, хан мен жыраудың арасы біртұтас дүние, біз сол дәстүрімізден айырылып қалдық, – деді ақын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір