• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 14:23:38
Алматы
+35°

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепте болған атыстан жарақат алған балалардың жағдайы қазір тұрақты. Бұл туралы республика президентінің баспасөз қызметі хатшысы Лилия Галимова хабарлады.

Таратылған ақпаратқа сай, Қазандағы №175 мектепте оқ ату кезінде зардап шеккен және Татарстанның Республикалық балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатқан 14 баланың жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Елдің денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбіде 5 бала мен 3 ересек адам Мәскеудегі федералдық клиникаларға қажетті ем алу үшін жеткізілгенін хабарлады. Жеңіл дәрежедегі бас миы шайқалып, беті сырылған 1 бала тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің қадағалауымен ауруханадан шығарылған. Ал 14 бала Татарстанның республикалық балалар клиникалық ауруханасында ем қабылдауда.

Еске сала кетейік, Қазандағы Джаудата Файзи көшесіндегі мектеп 19 жастағы жасөспірім Ильназ Галявиев қарумен шабуыл жасап, мектептің  кіреберісінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқан. Соның салдарынан екі мұғалім, жеті оқушы қаза тауып, 21 адам жарақат алған.

Ильназ Галявиев сотта өз кінәсін толығымен мойындады. Ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы "адам өлтіру" фактісі бойынша айыпталуда. Тергеу жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Татарстан Қазан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір