• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:34:38
+12°

Заңгер Руслан Түсіпбеков өзінің facebook-тегі парақшасында Михаил Валерий есімді Қазақстан азаматының ұлт араздығын тудыратын сөздер айтып, артынша әрекеті үшін кешірім сұраған видеосын жариялады.

Алғашқы видеода азамат камераға үйіне Ресейдің туын іліп қойғаннан кейін ауа райы өзгергенін, Қазақстанды керек етпейтінін, Ресейді жақсы көретінін, Ресей туын өз жалауы деп санайтынын айтып, "Қазақстанды қарғыс атсын" дейді.

Екінші видеода азамат сөздері үшін үшін кешірім сұрап, мұндай әрекетке мас күйде барғанын айтып ақталады. Ендігәрі мұндай қайталанбайтынын, Қазақстанды сүйетінін әрі Қазақстанның патриоты екенін жеткізеді.

Заңгер әдетте адамның ойындағы нәрсе, мас кезде сыртқа шығатынын қаперге алып, мұндай әрекеттер соңғы уақытта жиілеп кеткенін, оған елдегі ұлттық саясаттың жоғы себеп болып отырғанын айтады. 

 
– Диаспоралармен жұмыс жүргізілмейді. Қашықтағы аудандар өзімен-өзі өмір сүріп жатыр. Ол жақтағы адамдар өзін идеологиялық және менталдық тұрғыда бөтен мемлекеттік бөлігі ретінде сезінеді, – дейді ол.
 
Елде Қазақстан азаматы бола тұра қазақ ұлты туралы араздық тудыратын, қазақтардың намысына тиіп, абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтқан орыс этносының өкілдері бұған дейін де кездескен.
 
Былтыр қазақтарды маймылға теңеген 46 жастағы Рудный қаласының тұрғыны 2 жылға сотталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір