12 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: 24.kz
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Татарстанның Қазан қаласында болған жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Министр Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмағанын атап өтті.
– Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым, – деді Асхат Аймағамбетов
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір