Фото: Ашық дереккөз
"Желілік белсенділік бойынша эфир криптовалютасы 1000 доллар төңірегінде сатылу керек деп болжанып отыр" дейді АҚШ-тың ең ірі банк жүйесі JPMorgan-ның сарапшылары.
Банк ресми ескерту жариялады, содан кейін эфирдің нақты өз бағасынан қымбат бағаланып жатқанын мәлімдеді. Эфир өткен жылы 450%-дан асып, осы дүйсенбіде 4100 доллардан жоғары деңгейге жетті.
JPMorgan сарапшыларының талдауынша, есептеу қуаты мен желілердегі белсенділік шаралары арқылы криптовалютаның әділ құнын бағалауға болады.
"Негізінен, пайдаланушылар мен майнерлердің үлкен желісі негізгі блокчейнді қауіпсіз етеді және криптовалютаның сол блокчейндегі қолжетімділігін арттырады" дейді олар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір