05 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы екпенің 2 компонентін алғандарға қосымша қандай мүмкіндіктер берілетінін айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
– Екі компонентті алған адамдардан шет мемлекеттен келгенде тест талап етілмейді. Сондай-ақ ауысымдық жұмыс істейтіндерге және жұмысқа шығарда немесе кезекті еңбек демалысынан қайтқанда, ауруханаға жатқанда ПТР тест тапсырмайды, – деді А. Ғиният.
Сондай-ақ вице-министр вакциналардың екінші компонентін қай уақыт аралығында қабылдау қажеттігін түсіндірді.
– Елімізде 3 вакцина қолданыста. Бірінші вакцина – ресейлік "Спутник V". Бұрын 21 күннен кейін екінші компонентін алатын, қазір өндірушілердің кеңесіне байланысты екінші компонентін алу 45 күнге дейін созылды. Егер бірінші компонентін алған адам 21-ші күні немесе 45-ші күнге дейін алатын ойы болса, дәрігермен ақылдасып, ала алады. Бүгінде бұл вакцинаның елімізде екінші компоненті жеткілікті.
Екінші вакцина – Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері шығарған "Hayat-Vax". Бұл вакцинаның екінші компонентін 2 немесе 4 аптадан кейін алуға болады.
Үшінші вакцина – отандық "QazVac". Вакцинаның екінші компоненті 21-ші күні егіледі, – деп жауап берді вице-министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір