• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:21:31
Алматы
+12°

Арслан Дәндібаев пен Рустам Әли

Алматы облысы әкімі орынбасары Рустам Әли қызметтен кетіп, оның орнына бұған дейін Елбасы протоколының бастығы қызметін атқарған Арслан Дәндібаев тағайындалды. Ал Рустам Әли Алматы облысы Ескелді би ауданының әкімі болып ауысты. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Карбозұлы хабарлады.
 
Арслан Дәндібаев 1975 жылы 6 сәуірде Алматы қаласында туған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Түркия, Нидерланды елдерінде елшілік қызметте, экс-президент протоколының бас сарапшысы, басшы орынбасары, протокол бастығы болған.

Рустам Алпысбаев 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы.

Еңбек жолын Алматы қаласында "Деловая неделя" газетінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, "Каспий" Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, Талдықорғандағы "Жетісу жастары" МҚКК директоры, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі, ішкі саясат басқармаларының басшысы болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кадрлық тағайындау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір