• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:25:06
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Жеделхатта Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген.

"Мемлекет басшысы коронавирустың шекараға бағынбайтынын, бүкіл әлемге таралып, адамдарға көптеп жұғып жатқанын қынжыла атап өтті. Ол індеттен қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Осындай қиын-қыстау кезеңде біз үндістандық достарымызбен бірге пандемияны ауыздықтау мақсатында күш біріктіруге және мемлекеттеріміз арасындағы берік достық пен өзара қолдау аясында қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Үндістан Үкіметі Сіздің дана басшылығыңызбен бұл дағдарысты еңсеріп, елдің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін" делінген жеделхатта.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір