Фото: Qamshy.kz
Қордай ісі бойынша 5 жылға сотталған Азамат Сүлеев, Мақсат Шарабас және Сапар Әлиевтің ата-анасы прокурор мен адвокат айласының "құрбаны" болғанын мәлім еткен. Журналист Серік Жолдасбаймен сөйлескен ата-аналардың бірі прокурорлар өздерін "балаңыз бір-екі тас лақтырдым" деп мойындаса, шартты жазамен бостандыққа шығады" деп алдағаны туралы айтқан. Қамшы тілшісі ата-аналармен сөйлеспек болғанында "баламызға кесіріміз тиіп кеткенін қаламаймыз" деп пікір білдіруден бас тартып, сот барысындағы әділетсіздіктерді айтуға жүрексінетінін жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір