• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:22:41
Алматы
+12°

"АҚШ ең ірі банк жүйесі JPMorgan корпорациясы алғаш рет өзінің дәулетті клиенттеріне белсенді басқарылатын битойн қорын ұсынбақ" деп хабарлады CoinDesk.

Хабарламаға сәйкес, қор 2021 жылдың жазынан бастап жиналуы мүмкін.

Белсенді басқарылатын қордың ақша менеджерлері қордың инвестициялары қалай жүзеге асырылатыны туралы нақты шешімдерді қадағалайтынын білдірді.

Активтері бойынша АҚШ-тың ең ірі инвестициялық банкі есептелетін JPMorgan төрт жыл бұрын криптовалюталарды "алаяқтық" деп атағаннан кейін біртіндеп өз ұстанымын өзгертті.

Бас директор Джейми Димон 2018 жылғы сұхбатында цифрлық активке сенбейтінін және дәстүрлі валютамен бәсекелес болады деп ойламағанын айтты. Осы айда жарияланған акционерлердің жыл сайынғы хатында криптовалютаны банктерге "орасан зор бәсекелес" қатерлердің бірі ретінде санады.

Банк қазір биткойн туралы зерттеулерді жиі жариялайды және өткен аптада "соңғы ең көрнекті құлау" өткен болуы мүмкін деп мәлімдеді. Димонның пікірінше, биткойн қуатты және табан тірей алатын валюта болуы мүмкін. "Негізгі биржаларда  басқа активтерге  қарағанда биткойн аз төмендеп, көбірек қалпына келіп, көтеріледі" дейді JPMorgan стратегтері.

Биткойн екі айдағы ең төменгі деңгейге түскеннен кейін дүйсенбі күні   10% -ға көтеріліп, сол күні 53000 доллар мөлшерінде, сейсенбі (бүгін) 55000 доллар төңірегінде саудаланып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Криптовалюта

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір