• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:00:25
Алматы
+12°

"Бали жағалауында суға батқан Индонезия әскери-теңіз сүңгуір кемесі теңіз түбінде үш бөлікке бөлініп қалғаны анықталды" деп хабарлады ресми өкілдер.

Кеменің 53 экипажының барлығы қаза тапқаны расталды.

Жексенбі күні таңертең әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері 800 метрден астам тереңдіктен сигнал қабылдағанын мәлімдеді.

Кеме жаттығу кезінде жоғалып кеткен. Оның суға батуының себебі әлі анықталған жоқ.

Индонезия әскерилері жоғалған жерден шыққан қоқыстар, төсеніштер табылғанын айтты.

Әскери-теңіз күштері штабының бастығы Юдо Маргононың айтуынша, экипаждың қауіпсіздік костюмдері және тағы да көптеген заттар табылған.

"Сүңгуір кеме үш бөлікке бөлінген, кеменің корпусы, кеменің артқы бөлігі және негізгі бөліктері бір-бірінен бөлініп, негізгі бөлігі жарылған" деді ол журналистерге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір