21 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде шымкенттік мұғалімдерді коронавирусқа вакцинасын салдыруға қысым жасамақ болған басшылықтың видеосы тарап, қызу талқыланып жатыр. Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді.
– Екпе салдыру әр адамның еркі бойынша жүргізіледі. Әрине, басшылық әрбір мекемедегі ұжым мүшелеріне вакцинация туралы хабарлап, нығыздап түсіндіруі қажет. Десе де вакцина салдыру конституция сай және денсаулық сақтау саласындағы кодекс бойынша "ерікті" түрде жасалады деп тағы да айтамын, – деп жауап берді ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.
Бұған дейін Facebook желісінде екпе салдырмаған мұғалімдерге қатысты ақпарат тараған. Ол жерде zoom-дағы есеп беру жиналысында 100 адамның ішінен тек 4-еуі ғана вакцина салдырғаны туралы ақпарат айтылған. Шымкенттегі №89, №94, №119 мектептің мұғалімдері екпе салдырудан бас тартқан. Кейін Zoom-ды ұйымдастырушы басшысы мектеп директорларын қамшылап отыру қажеттігін айтып, күнделікті екі рет есеп беруін талап еткен болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір