• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:10:11
Алматы
+7°

"Болашақты болжап", миллиардер болған жандар туралы білесіз бе? Иә. Ондай адамдар көп. Нақтысы, олар қаржы мәселелерін алдын ала басқалардан бұрын дұрыс мөлшерлеп, нәтижесінде миллиардер болған.

Төменде сондай адамдардың бірі – Джим Саймонс туралы баяндалады.

Джим Саймонс – миллиардер математик. Ол АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін код шешуші болып жұмыс істеген. Университетте профессор болған. Кейін университеттен кетіп, қаржы саласына кірген.

Саймонс Ренессанс технологиялары корпорациясын құрушы. Бүгін көзі тірі математик миллиардер. Қаржылық болашақты болжайтын формулалармен жұмыс істеген, ең соңында тарихтағы ең табысты миллиардердің біріне айналған.

Ол ең табысты болжаушы болды. Болашақты математикалық моделдеулер арқылы болжап, біліп отырған.

Саймонс болашақты болжайтын математикалық модельдерді жыл сайын жетілдірді. Ол өзінің зерттеулері және модельдері арқылы әйгілі.

Сайменс формула, модельдері арқылы 21 млрд доллар тапқан.

Ол Массачусетс, Бруклинде өмірге келді. Массачусетс технологиялық университетінде математика мамандығында оқыды. Жасынан талантты болды. Университетте біріші курсты оқымай, тіке екінші курсқа түсіп кетті. Оның академиялық өмірі де өте табысты болды. Саймонс математикадан PhD ала салып, профессор атанды. Одан кейін қырғи-қабақ соғыс кезінде Ресейдің жасырын кодтарын шешті. Америка ұлттық қауіпсіздігі үшін жақсы еңбек етті.

1976 жылы 37 жасында математикадағы ең үздік сыйлықтың бірі "Oswald Velben" сыйлығын алды.

Саймонс 1978 жылы университеттегі профессорлықтан кетті де математикалық қабілетін болашақты болжап, ақша табуға қолдануды шешті. Сөйтіп жинған, терген ақшасымен компания құрды.

Математикалық қабілеті арқылы қаржылық болашақты болжап көрмек болды. Ленни Баум деген әріптесі екеуі "қаржылық болашақты математика болжауы мүмкін" деп сеніп, математикалық алғашқы модельдеуін жасады. Ол "Mean Reversion Model" деп аталды. Осылайша, бұл әдіспен біраз пайда тапты. Ол әдістері дәл келіп отырды.

Дегенмен біраз уақыттан кейін бәсекелестер пайда болды да, өзге компаниялар өз модельлерімен алға шықты. Содан Саймонс олардың алдына түсіп, көбірек нақты болжам жасап, табыс табу үшін, тағы да мықты математиктерді жинау керек екенін білді.

Сөйтіп, ол жаңа стратегия тауып, дамыту үшін Джим Акс деген мықты математикті командаға шақырды. Содан ол математик келіп, компанияның дамуы үшін айтарлықтай көмек жасады. Олардың ойынша,  өмір заңдылыққа түспейтін сияқты. Бірақ оның заңдылығы бар. Бүгінгі ғылымның жеткен жетістігімен 100% болмаса да, болашақта не болатынын жалпы жобасын мөлшерлеуге болады. Ал оны ықтималдық арқылы математикаға салып жібергенде көп нәрсенің сұлбасы көрінеді.

Осылайша, жаңа келген математик машиналық оқытудың (Machine learning) алғашқы жобасын ұсынады. Бүгін машиналық оқыту әдеттегі іс болғанымен ол кезде ең жаңа технология еді. Яғни бұрын қалай болды, кейін соны мөлшермен қайталап береді. Содан кейін бұл компания өз заманының алдына түсіп кетті. Миллиондап болжамдары дұрыс келді, оны "Kernel метод" деп атады. Жай адамның көзіне, болжауына көрінбейтін мөлшерлі заңдылықты көрсететін еді. Содан олардың табысы миллиондап артты. Сосын Саймонс максималды пайда табу үшін қаржысы барларды жинап "Medallian қоры" дегенді құрды. Қаржы жеткілікті болған соң, болашақты ең жақсы дәлдікпен білу үшін таланттарды жинауға ақша салды. Сөйтіп 20% нақты  пайда табатын тұрақтылыққа жетті.

Саймонс оны да қанағат етпеді. Тіпті де керемет нәтижеге жету үшін тағы бір мықты математик Элвин Берлекампті ақысын төлеп командаға шақырды.

Элвин Берлекамп келіп, қысқа мерзімді стратегия үшін мықты жұмыс істеді. Ол "The Kelly Criterion" деген методты қолданды. Ол казино ережесіне жақын болды. Мысалы казинода 10 рет ақша ұтып алуың мүмкін. Бірақ жалпы ойында казино ұтады. Казино миллиондап ақша жасайды. Ол 100%. Бір адамның 10 рет ұтқаны казиноны банкрот етпейді. Жалпы мөлшермен Элвин сол қағиданы негізге алған  қысқа мерзімді қажылық болашақтық болжам үшін модель жасады. Бұл "ғылыми бәс тігу" деп аталады.

Компания өте үлкен есептеу күшін, ғылыми зерттеуді сәйкестіріп, оны қаржы болашағын болжау үшін қолданды. Олар заңдылықтарды, өзгерістерді, ақпараттарды зор мөлшерде жинап, сол арқылы мөлшерлеп ғылыми тұжырым жасап отырды.

Саймонстың өзі "Адамдар өмір ретсіз, заңдылық жоқ" деп ойлайды. Бірақ егер сенде жеткілікті ақпарат болса, мүлде олай емес. Бұл ықтималдық. Ал ықтималдық қай жерде қанша екенін мөлшерлеп білуге болады" дейді.

1989 жылы Саймонс мүмкіндік жақсы келген уақытта жеке өзі іске 27 млн доллар қаржы салды. Қайтарым мен нәтиже өте тез және таңқаларлық болды. Бұл бұрынғы модельдің пайда табу шегінен асып, әр апта, тіпті әр күн сайын компания байып отырды.

Ақыры Саймонс қарыштап дамып, миллиардер болды. Яхта алды, бүкіл қызметкерлерді яхтада қонақ қылды. Ол қанағаттанбады. Компанияны қалай меншікті капиталға айналдырсам деп басы қатты. Содан кейін атақты ақпараттық компания IBM-дегі екі маманды шақырып, оларға жеткілікті ақы төлеп, шешімін жасап беруді сұрады. Олар көп еңбек етіп, кейін шешімін тауып берді. Компания сөйтіп келесі деңгейге жетіп, миллиардтық компанияға шектеусіз дамыды. 

Саймонс 2010 жылы ең табысты қаржылық болашақты болжаушы математик миллиардер ретінде зейнетке шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір