02 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: penguintravel.com
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы 13 сәуірде басталатынын хабарлады. Бұл туралы ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде айтты.
– Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні, – деді шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы вакцина егу оразаны бұзбайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір