01 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: akorda.kz
Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты.
– Қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр.
Оған қоса, азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл әрине, жағдайды одан бетер ушықтыруда.
Дегенмен көптеген сарапшылардың айтуынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар, – деді Тоқаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір