• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:58:37
Алматы
+12°

БҚО-да өрт сөндіру бөлімінің басшысы қайтыс болды, деп хабарлады "Уральская неделя" басылымы.

Сайт мәліметінше, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында орналасқан №27 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ақан Нұрғалиев аяусыз соққыға жығылып, көз жұмған.

Оқиға 25 наурызда болған. Марқұмның бауыры Руслан Нұрғалиевтің айтуынша, Ақанды сағат 23:00 шамасында әріптестері жұмысқа шақырған.

– Ағамды жұмысқа не үшін шақырғанын білмеймін. Өрт сөндіру бөлімінде екі өрт сөндірушіден басқа тағы екі бөтен адам болған. Барлығы мас еді. Мен қандай жанжал болғанын, кім кімді ұрғанын білмеймін. Бірақ менің ағамды аяусыз соққыға жыққан. Өрт сөндіру бөлімінде айғақтарды жасыру үшін камераларды сындырған.

Келесі күні ағамның денесі ауылдың шетінде тұратын басқа ағамның сарайынан табылды. Жеңгем таңертең біреудің сарайда жатқанын көріп, менің ағам екенін таныған. Бұл туралы бізге дереу хабарлап, жедел жәрдем шақырды. Ағамды бірден аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызды. Алайда ол 27 наурызда таңғы сағат 5:00-де қайтыс болды. Артында үш баласы жетім қалды, – дейді Руслан Нұрғалиев.

Ол ағасының өліміне кінәлілер жазасыз қалуы мүмкін деп алаңдайды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлады.

"2021 жылдың 25 наурызында сағат 23:00 шамасында Қарауылтөбе ауылының тұрғындары 1992 жылы туған Н. мен М.арасында жанжал шығып, төбелес болады. 26 наурызда сағат 08:30 шамасында Н. ағасының үйінің жазғы сарайынан ес-түссіз күйде табылды және жедел жәрдем көлігімен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. 27 наурызда сағат 05:46-да аурухананың хирургия бөлімінен оның жарақаттан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты іс қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қайта қаралды. Күдікті М. қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген полиция департаментінің хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір