• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:26:07
Алматы
+12°

19 жастағы Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірді делінген күдіктінің жеке басына қатысты бірқатар тың дерек анықталды, деп хабарлады Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, күдікті қазіргі Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясында екі жыл оқыған. Бұрынғы студенттерінің бұлай танылуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған.

Факультет деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, Рахманберді Төребеков аталған оқу орнына 2012 жылы Фармацевтика мамандығына грантқа түскен. Бірақ екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған. 

– Оқудан шығарылуына сабақтарға дұрыс қатыспағаныы себеп болған. Пәндер бойынша емтихан сессиясына жіберілмеген. Ал енді мінезіне келетін болсақ, әріптестеріміздің айтуына қарағанда, өте салмақты болған. Өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен немесе оқытушылармен жанжалға түспеген, – деді оқу орнының деканы Қанат Дәуренбеков.

28 жастағы күдікті Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол сондағы жалпы орта мектепті 2010 жылы "Алтын белгімен" бітерген. Күдікті Рахманберді Төребековтың ата-анасы мұғалім болған.

Жаушықұм ауылы әкімінің мәліметіне сай, күдіктінің ата-анасы қазір зейнетте, үш перзенті бар. Екі жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға қоныс аударған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір