• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:16:30
Алматы
+12°

Бүгін Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Демократиялық партия бастамашыл тобы мен оның жақтастарының Қазақстанда Қытай зауыттарының салынуына қарсы митингі өтті. Қамшы тілшісі оқиға орнынан фоторепортаж дайындады.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Митинг басталмай тұрып 10-ға жуық адамды автозагқа салып алып кетті. Оларға кедергі жасамақ болған белсенділер Жанболат Мамай, Абзал Достияровты полицейлер итеріп, көлік жүріп кетті.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Митингке шыққандар "Қытай елшісі елші ме, жаушы ма?", "Үкімет Қазақстанды саудаға салмақ", "Қытай экспансиясына жол жоқ", "Қытай, жерімізге көз салма", "Жеріңді қорғамасаң, "жер" боласың", "Қытай экспансиясы тәуелсіздіктен айыру", "Жер сатылмайды, жалға берілмейді", "Саңырау президент керек емес", "Ұлтарақтай болса да, атақоныс жер қымбат", "Назарбаев – алаяқ, диктатор, залым, ұры, жемқор, қанішер" деген жазудағы плакаттар ұстап шықты.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Митинг кезінде бір қарияның мұрны қанап, есінен танып қалды. Белсенділер қарияның құлауын "денсаулығының сыр беруімен" түсіндірді.

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір