• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:17:50
Алматы
+12°

"Қытайдағы еуропалық компаниялар қиын жағдайда қалды" деп мәлімдеді Қытайдағы ЕО сауда өнеркәсіп палатасы. Қытай Big Tech компаниялары –
‘H&M’ және ‘HM’ брендін Қытайдың карта қосымшаларынан, электрондық коммерциялық сайттарынан, көлік бағдарламалары мен азық-түлік жеткізу платформаларынан алып тастады.

"Қытайдағы еуропалық компаниялар саясиланып бара жатқан бизнес ортаға тап болды" деп хабарлады ЕО сауда өнеркәсіп палатасы.

Шыңжаң мақта өндірушілерінің мәжбүрлі жұмыс күшін пайдалануы туралы брендтің ұстанымына байланысты бірқатар ірі қытайлық технологиялық фирмалар шведтердің H&M киім сатушысының виртуалды қатысуын өз платформаларынан өшірді.
Қытай үкіметі нақты бір компанияны атап көрсетпесе де, шетелдік брендтерге, соның ішінде H&M, Nike, Adidas және Burberry-ге қарсы бүкілхалықтық тұтынушылық бойкот жарияланды.

Еуропалық компаниялардың Шыңжаң мақтасын қолданудан бас тарту туралы  мәлімдемелеріне жауап ретінде Қытайда жаппай наразылық білдірушілер көбейді.
  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай ЕО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір