• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:32:38
Алматы
+12°

Бүгін елордада өткен жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында комиссия мүшесі, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан бірнеше ұсыныс жасаған болатын. Соның бірі Қазақстан азаматтығын беру тәртібін қатаңдатудың қажетігі жөнінде болды.

Мұхтар Тайжан Қазақстан азаматтығын алып, жер телімдеріне ие болуға ниетті шетел азаматтарының барына назар аударып, азаматтық алғысы келген адамға елде кем дегенде бес жыл тұру, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, өзге дамыған мемлекеттердегідей мемлекеттік тілден емтихан тапсыру секілді талаптар енгізілуі керек деп санайды.

Қоғам белсендісі сондай-ақ жерді Қазақстан азаматтарынаида сатуға тыйым салу, жерді кім жалдап отырғанын халыққа ашық жариялау, әр ауылдың маңайындағы жайылым жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, бос жатқан жерлерді космомонитринг арқылы мемлекетке қайтару, жерді бөлу мен беру процесін цифрландыру, ашық қылу секілді бастамалар көтерді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір