• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:30:11
Алматы
+12°

Бүгін ауылшаруашылығы министрлігінде өткен жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында комиссия мүшесі, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан бірнеше ұсыныс жасады.

Комиссия мүшесінің айтуынша, жерді шетелдіктермен қатар Қазақстан азаматтарына да жекеменшікке сатуға тыйым салу қажет.

Сондай-ақ ол жердің ашық кадастрін орнату қажеттігіне назар аударып, жерді кім жалдап отырғанын халық білуі керек екенін, мұндай ақпарат ашық болуға тиістігін атап өтті.

Қоғам белсендісі ұсыныстарының қатарында әр ауылдың маңайындағы жайылым жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, бос жатқан жерлерді космомонитринг арқылы мемлекетке қайтару, жерді бөлу мен беру процесін цифрландыру, ашық қылу секілді бастамалар бар. Оның пікірінше, жер бөлу мәселесіне  бұдан былай әкімдер араласпауы керек.

– Халқымыздың тең жартысы ауылда тұрады. Кез келген ауылға барсаңыз, жайылым жерлер жоқтың қасы. Барлығы дерлік жер жеке біреулердің меншігінде. Соны мемлекет өз меншігіне қайтаруы керек. Бүгінде жер комитетінің күші әлсіз. Олар әкімдердің айтқанынан аса алмайды. Ауылдың, мейлі ауданның басшысы болсын, жерді өздері бөліп береді. Бұл дұрыс емес. Жер тек агентікте болуы керек. Олар тікелей басшылыққа бағынуға тиіс. Сол кезде жер мәселесі шешіледі, – деді ол. 

Мұхтар Тайжан соңғы ұсынысында, елдің миллиондаған жерлері шетелдік банкте кепілде тұрғанын, мұның үлкен проблема екенін айтып, мемлекет олармен келісім-шартты бұзып, өз меншігіне қайтаруы керек деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір