• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 02:48:19
Алматы
+35°

Мәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі айтты.

"Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасына басшы болып тағайындалды" делінген хабарламада.

Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Музыкалық театр мен кино актері" факультетін, 2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясының "Экономика и бизнес" факультетін бітірді.

2003-2008 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық театрының актері.

2019 жылы Нұрлан Әлімжанов Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

"Ағайындылар", "Теміртау көктемі", "Балалық шағымның аспаны", "Жау жүрек мың бала", "Көшбасшының жолы – Темір тауы", "Көшбасшының жолы – Отты өзен" көркем фильмдерінде басты рөлді сомдаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір