18 Наурыз, 2021 Спорт
Фотоколлаж
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін жапон боксшысы Риота Муратаға қарсы өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады sports.kz сайты.
Сайт мәліметінше, Головкиннің ендігі қарсыласы делінген мексикалық боксшы Хайме Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында өзінің клиенті қазақстандық боксшымен әзірге жекпе-жек өткізгісі келмейтінін айтқан.
Белтранның айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы жапон боксшысы Риота Муратаға қарсы (16-2, 13 КО) өткізбек.
– Головкин жапон боксшысымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Иә, ол чемпион, бұл да үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін, – деді Белтран.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір