15 Наурыз, 2021 Әлеумет
Фото: Ашық дереккөз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында 2023 жылдан бастап елдегі мектептерді 12 жылдық білім беруге көшіру, сондай-ақ латын негізді қазақ әліпбиіне өту жоспарланып отырғанын айтты.
– Орта білім беруді дамыту мақсатында 2023 жылдан бастап латын графикасын енгізе отырып, 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу жоспарлануда. Ол үшін бізге ауқымды жұмыстар жүргізу керек. Мемлекеттік стандартты, оқу жоспарлары мен TUP (типтік оқу жоспарлары) жаңартылуы қажет. Математика, информатика және тілдер басым пәндерге айналады. Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарих бойынша бірыңғай оқулықтар енгізіліледі, – деді министр.
Биыл қаңтар айында премьер-министр Асқар Маминге латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы көрсетілген. Онда 31 әріп бар, әліпби тек латын әліпбиінің негізгі жүйесінің таңбаларынан тұрады. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір