15 Наурыз, 2021 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Мьянмада әскерилер үкіметті тартып алған соң, наразылық білдіріп, шеруге шыққан 38 адам өлтірілген.
Қауіпсіздік күштері Мьянманың ең ірі қаласы Янгоның аудандарының бірінде қарсылық білдірушілерге таяқ пен пышақ қолданған және оқ жаудырған.
Қытайлық кәсіпкерлерге шабуыл жасалғаннан кейін әскери күштер бұл аймақта әскери жағдай жариялады. Наразылар Қытай Бирма әскеріне қолдау көрсетіп отыр деп санайды.
1 ақпандағы әскери төңкерістен кейін Мьянмада наразылық акциялары жиілеген.
Әскери билеушілер елдің азаматтық көшбасшысы және демократиялық ұлттық лига партиясының жетекшісі Аун Сан Су Чиді ұстаған.
Партия өткен жылғы сайлауда үлкен жеңіске жетті, бірақ әскерилер партия өкілдерін кең көлемді "алаяқтық жасады" деп айыптаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір