04 Наурыз, 2021 NEWS
Фотоколлаж
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мас жүргізуші оқушыларды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.
– Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі, – деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін 2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған 8-9 жасар төрт қыз баланы қағып кеткен. хабарланған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылған. Төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.
– Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторында. Жол-көлік оқиғасына қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекет" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД өкілдері.
Дәрігерлер екі қыз комада жатқанын айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір