• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:55:34
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қанша адам коронавирус инфекциясын алғанын, қанша адам вакцина салдырудан бас тартқанын мәлімдеді.

– Бүгінде 22 мың адам вакцина салдырды. 70 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты, – деді Ажар Ғиният.

Вице-министр былтыр пандемия кезінде қандай шаралар қабылданғанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда елде 7 мыңнан астам ұйым, амбулатория мен емхана жұмыс істейді. Онда шамамен 10 мың дәрігер, 28 мың ортақ медицина қызметкері, оның ішінде 47%-ы ауылдық жерлерде жұмыс істеп жатыр.

Былтыр бірқатар жұмыстар жүргізілді. Соның бірі – әрбір учаскелік дәрігерге кісі басына тіркелетін жүктеменің азаюы. Бұрын бір учаскелік дәрігерге 2000-2200-дей азамат тіркеліп қаралатын болса, қазірге таңда 1 700-ге дейін төмендетілді, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір