• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:24:48
Алматы
+12°

Батыс Қазақстан облысында ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлады "Мой город" сайты.

Сайт мәліметінше, оқиға 2 наурызда сағат 16:40-та болған. БҚО тұрғыны облыстық мәслихат ғимаратында үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберген.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, 46 жастағы ер адам денсаулық сақтау басқармасының шешімімен келіспеген. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ер адам тірі, денесін күйік шалған. Басқа адамдар зардап шекпеді, – деп хабарлады сейсенбі күні облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір