• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:03:17
Алматы
+12°

Павлодар облысы Екібастұз қаласында белгісіз біреу тұрғынүй ауласында жұрт көзінше ер адамды атып өлтірген. Бұл сәт ауладағы бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған.

Екібастұз қаласы полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 23 ақпан күні таңғы 8-дер шамасында Сәтпаев көшесіндегі № 12/6 маңында болған.

Видеодан белгісіз біреудің тапаншамен ер адамды екі рет атқанын көруге болады.

Артынша, қаза тапқан адам 1960 жылы 24 тамызда туған Жанат Максутова есімді КЕГОГ компаниясының электромонтері екені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 1-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Экибас в Теме ? | Official (@ekibas_v_teme)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кісі өлімі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір